Қымбатшылық құрылыс жұмыстарының тоқтауына сеп болды

144

Елде құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты кейбір құрылыс нысандарда жұмыс тоқтап қалды.

Әсіресе, мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан компаниялар тығырыққа тірелген. Өйткені қажетті материал жобаны жасап, қаржысын есептеген кездегі бағадан әлдеқайда қымбат. Кәсіпкерлер бюджетті қайта қарауды ұсынып отыр. Тек қана Нұр-Сұлтан қаласында 34 жобаны қайта қаржыландыру бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтініш жасалды. Енді оны ішкі аудит комитеті тексереді.

Егер мақұлдаса, бюджеттік комиссияға енгізіліп, қаржы бөлу мәселесі қарастырылады. Есеп бойынша, Елордадағы жобаларды қосымша қаржыландыруға шамамен 60 миллиард теңге керек.

Шынар Оразова