Шекарадан заңсыз есірткі тасымалдамақ болған елорда тұрғыны ұсталды

101

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне 102 арқылы «Жібек жолы» шекара бекетінде заңсыз есірткі тасымалдау жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне қарай «Марико» атты қызметтік ит үріп белгі бергенін анықтады.

Жедел уәкілдер күдікті ретінде ұсталған Нұр-Сұлтан азаматын тінту кезінде шалбарының оң жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі тектес өсімдік затының салмағы 2 грамға жуық «гашиш» болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Егер сізде есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір дере болса, тез арада полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі