Шымкент әкімі: «Емханалық қызмет көрсетудің сапасы артуы тиіс»

82

Биыл Шымкентте медициналық қызметтердің сапасы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 135 шағым келіп түскен. Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының сөзінше, бақылаушы органға жолданған шағымдарға сәйкес 46 жағдай бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілсе, 48 шағым негізсіз деп танылып, қараусыз қалдырылған.

Департамент жұмысымен танысқан Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы медициналық ұйымдардың кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойынша жұмысын ширатуды тапсырды.

Сондай-ақ емханаларда келушілерге мейлінше қолайлы жағдай жасалуы тиіс деді. Бұдан өзге шаһар басшысы емханалық қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдау керектігіне тоқталды.

Жиында жауаптыларға азаматтарымыздың дәрігерлер қабылдауына келіп, сағаттап кезек күтуге мәжбүр болып отырғаны айтылып, емханалардың жүктелімдерін азайту, дәрігерлік қабылдау жүргізудің регламентін жүйелеу жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.

Мөлдір Ибадуллаева