«Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты». Қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы бірқатар спорт нысандарды аралады.
Шаһар басшысы өз сөзінде спорт баршаға қолжетімді болатынын атап өтті. Биыл жарты жылда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 пайызын құраған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорттық клубы жұмыс істейді. Солардың бірі — «Мирас» спорт кешені. Мұнда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер футбол мен дзюдо секциясына тегін қатыса алады.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Биылғы жылы 17 мың баладай арнайы мектептерде спорт басқармасы арқылы оқып жатыр. Оған қоса жекеменшік сіздер сияқты спорттық мекемелерді алып, қосымша биыл 4000 балаға осындай мүмкіндік берейін деп жатырмыз. Қазір 2200-дей баланы сіздер сияқты мекемелер алып отыр. Ендігі жыл бұған сұраныс болса, онда көбейтеміз».
Бокстан әлем чемпоны Біржан Жақыповтың «Әли спорт» клубы да бокс пен дзюдодан болашақ чемпиондарды тәрбиелеуде. Мұнда 200 -ге жуық бала спорттан тәлім алып жүр.
Сондай-ақ, қала әкімі Қызылжар шағынауданындағы спорт кешенінің қызметімен танысты. Мұнда ұлдар мен қыздар бокс, дзюдо, грек-рим күресі және каратэмен тегін шұғылдануға мүмкіндігі бар.
Әлихан Файзханов