Шымкенттіктер ел бойынша ең төменгі жалақы алатындар қатарында. Бүгінде шаһардағы орташа айлық жалақы 200 мың теңге және одан сәл жоғары соманы құраған.
Анти-рейтинг үштігіне Солтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысы да кіріп отыр. Бұл ретте жалақы 100 мыңнан төмен басталып 300 мыңнан асады.
Ал кейбір қазақстандықтар тіпті кедейлік шегінен төмен өмір сүруде. Ал ең жоғары жалақы алатын өңірлер қатарына тіпті Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары да кірмеген.
Шымкент еліміздегі ең төмен жалақы алатын қаланың бірі . Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, үшінші мегаполис тұрғындары орта есеппен айына 200 мың теңгеден сәл артық табыс табады.
Өткен жылдың қорытындысына сәйкес кассирлер, қойма меңгерушілері және пошташылар ең аз табыс табатын маман иелерінің қатарына енген. Олардың жалақысы 100 мың теңгеден де аспаған.
Ал ең жоғары жалақыны инженерлер, маркетологтар, сондай — ақ әртүрлі салалардағы бас мамандар мен менеджерлер алады екен. Олардың айлық табысы 300 мың теңгеден асады. Алайда мұндай жалақыны алушылар саны аз. Қала тұрғындары болса, күкөріс үшін ақшаның жетіспейтінін айтады.
«Шымкентте жалақы өте аз екенін айта кету керек. Шаһардың республикалық маңызы бар қалаға айналғанына қарамастан, қаржылық дағдарыс, пандемия! Бағалар өсуде, ал жалақы бағаның өсуіне ілесе алмауда. Мен күніне 2-2,5 мың теңге жұмсаймын. Егер адамның отбасы болса, онда шығындар одан да көп болады ғой», дейді қала тұрғыны.
«Менің ойымша, Шымкентте жалақы мөлшері төмен, еңбек дұрыс бағаланбайды. Ал мен көп ақша тапқым келеді»,дейді тағы да.
Қазақстандағы ең аз жалақы солтүстікте — 189 мың теңге. Ал елімізде ең көп жалақы мұнайлы өңір — Атырау облысында. Онда өткен тоқсанда орташа айлық жалақы 398,5 мың теңгені құраса, Маңғыстау облысында орта есеппен 353 мың теңгеге жеткен.
Ал қазақстандықтардың бір бөлігі кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жүр. Әр аймақта бұл көрсеткіш сан әртүрлі. Шымкентте биылғы жылдың үшінші тоқсанында кедейлік шегі бір адамға 23 679 теңгені құраған. Өткен жылы кем дегенде 35 мың шымкенттік отбасы өте төмен деңгейде өмір сүрген. Олардың барлығына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, жалақысына үстеме ақы алған екен.
Ерман Бекмұратов, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары:» «Атаулы әлеуметтік көмекте бұл ақшалай көмек. Мысалы, отбасымда 5 адам болса, мен 100 мың теңге аламын. Егер 23-ті 5-ке көбейтсек 115 мың шықса, мен 15 мыңын алып отырмын. Яғни, менің алғашқы қажеттіліктерімді өтеу үшін тоқсанында 45 мың теңгені құрайды».
Өткен тоқсаннан бастап Шымкентте ең төменгі күнкөріс шегі 1000 теңгеге артқан. Үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алғысы келетіндер азайыпты. 25 мың отбасы өтініш берген екен. Ал елімізде қаншама тұрғын қара нарықта тер төгіп, нәпақа тауып жүр. Мыңдаған адам ешбір құжат, келісімшартсыз қарапайым жұмысшы болып еңбек етуде. Ал олардың тапқан табыстары есепке алынғанда, елдегі орташа айлық табыс қанша болары нақты белгісіз.
Әлихан Файзханов