Шымкент: «Нұрсәт-2» шағынауданында 9 қабатты үй отқа оранды

229

 

27 тамыз күні сағат 18:02 шамасында Шымкент қаласының Қаратау ауданы, Нұрсәт-2 шағынауданындағы 9 қабатты N20 тұрғын үйдің 55 шаршы метр аумақтағы сыртқы қаптамасы өртке оранды. 8-ші қабаттағы N48 пәтерде 18 шаршы метр ас үй аумағын да өрт шарпыды.

Өрт сағат 18:48 шамасында, дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болған адам жоқ. 20 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 7 техника бірлігі жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі