Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделеніп отыр. Өткен тәулікте қаладағы 502 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 418-і белгілері бар болса, 84-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 220 орын бар, төсек орын толымдығы 73%-ды құрайды, 846 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2374 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 469 төсек орын бар, 316 науқас ем қабылдауда.

Ал, жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 363 866, тәулігіне – 2807. Сонымен бірге бір тәулік ішінде қалада 8274 адам вакцина алған болса, оның 2676 бірінші компонентін, 5598-і екінші компонентін алған. Егу науқаны басталғалы барлығы 374 237 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 284 586 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ 3 тамыз күні 680 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі