Түлкібас ауданында екі туристік нысан іске қосылды

212

 

Түркістан облысы Түлкібас ауданында екі туристік нысан іске қосылды. Шетелдік және отандық туристерге қызмет көрсетуге арналған «Etno Park Resort» этно ауыл мен «Алмалы» демалыс аймағы еуропалық стильде бой көтерген.

«Etno Park Resort» этно ауыл-демалыс орны бір мезетте 180 адамды қабылдауға қауқарлы. Нысанның жалпы құны 417 млн теңгені құрайды. Меншік иесі К.Өтегенованың айтуынша, демалыс аймағында 29 жергілікті тұрғын жұмыс істеуде.

«Алмалы» демалыс аймағында сыйымдылығы 50 орындық мейрамхана және туристерге қызмет көрсетуге арналған бассейн, жазғы алаңшалармен қамтылған. Жобаның құны 123 млн теңге. Нысан иесі 20-ға жуық ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 36 туристік нысан аудан тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.

QAINAR KÓZТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі