Тұрғын үй кезегін жылжытамын деп ақшасын алған азамат анықталды

102

2021 жылдың 6-тамызында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданды.

Ол өз арызында, бейтаныс азамат тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, алаяқтық жолмен 200.000 теңге ақшасын иемденген. Қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не тұрғын үй кезегін жылжытып бермей жүргенін жазып көрсеткен.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.