Зейнетақы жинақтарын тексерудің 7 тәсілі

52

1-тәсіл. БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы. «Қызметтер» бөліміне өтіңіз, «ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу» таңдаңыз. Бұдан әрі жүйеде ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөз арқылы авторланудан өтіңіз. Үзінді көшірмені талап ететін қажетті уақыт кезеңін көрсетіңіз. Қалыптастырылған үзінді көшірмені электрондық поштаға немесе мессенджерге жіберуге болады.

2-тәсіл. enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арықылы. ЖСН және Құпиясөз не ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіріңіз. «Қызметтер» қосымша бетіне өтіп, «ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу» тармағын таңдаңыз. Үзінді көшірмені талап ететін қажетті уақыт кезеңін көрсетіңіз. Қалыптастырылған үзінді көшірмені сақтауға немесе басып шығаруға болады.

3-тәсіл. enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте электрондық поштаға жіберу арқылы. ЖСН мен құпиясөз немесе ЭСҚ көмегімен Жеке кабинетке кіріңіз. «Қызметтер» бөліміне өтіп, «ЖЗШ -дан үзінді көшірме алу» таңдаңыз. «Электрондық пошта» опциясын таңдаңыз. Өтініш БЖЗҚ деректер базасында тіркелген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

4-тәсіл. БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық мекенжайға тұрақты түрде жіберу арқылы. Қор бөлімшесіне бір рет барып, «Электрондық пошта арқылы» хабарлау тәсілін, сондай-ақ үзінді көшірмені алу кезеңділігін таңдау туралы қосымша келісімге қол қойыңыз. Үзінді көшірме көрсетілген электрондық мекенжайға белгіленген кезеңділікпен (ай сайын, тоқсан сайын немесе жылына бір рет) келетін болады.

5-тәсіл. «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» eGov.kz сайты немесе eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметін таңдаңыз. Порталда ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік құпиясөз арқылы авторлануға болады, ол мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне келеді. Үзінді көшірме порталдағы Жеке кабинетте көрсетіледі.

6-тәсіл. Жыл сайын ақпараттандыру барысында БЖЗҚ дерекқорында жылына бір рет тіркелген пошта мекенжайына жіберу арқылы. Ол үшін Қор бөлімшесіне бір рет келіп, хабарлау тәсілін – «Пошта байланысы қызметі арқылы» деп таңдаңыз. Үзіндіні көшірмені Қазпошта қызметкері жеке тапсырады.

7-тәсіл. БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесінде жеке басты куәландыратын құжатпен жеке жүгіну арқылы. Үзінді көшірмені Қор қызметкері басып шығарады және барлық сұрақтарға жауап береді.