Жалған жүргізуші куәлігін жасатқан азамат анықталды

63

Мақтаарал АПБ-ға «Жетісай» шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлерінен хабарлама түскен. Онда ҚР азаматы «DAF» маркалы жүк көлігімен Өзбекстан Республикасынан елге кірген азаматтың құжатында бір кінәрат бар екендігі туралы көрсетілген.

Хабарламаны алған Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлерінен тәжірибелі топ құрылып, бірден оқиға орнына келі. Осылайша ел аумағына кірмек болған азаматтың құжаттары мұқият тексерілді.

Нәтижесінде ер азаматтың жүргізуші куәлігінің жалған екенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, күдікке ілінген азаматты ПБ-ға жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті азамат бұдан алдын 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылған. Содан соң танысының жүк көлігін айдап, жүргізуші болып жұмыс істеу мақсатында жалған жүргізуші куәлігін жасатып алған. Полицейлер осы аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Қазіргі таңда сот күдікті азаматты кінәлі деп танып, 29 170 теңге көлемінде айыппұлды өтеу туралы үкім шығарды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасатқан жағдайда заң аясында шара көрілетінін ескертеді. Заңға бағынайық!