Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

88
фото kazgazeta.kz

 

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталуда.

Айта кетейік ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған.
Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Нәтижесінде жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

 

QAINAR KÓZҚР ТЖМ баспасөз қызметі