Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі Манкент ауылдық округіндегі жаппай шлакоблок дайындаушылардың жер учаскелеріне тексеру-зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, Манкент ауылы Набережная көшесі, яғни облыстық маңызы бар КХ-97 Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ автомобиль жолының бойында 22 жер учаскесінде шлакоблок өндіріліп жатқаны, оның ішінде 11 жер учаскесі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, қалған 11 жер учаскесі кәсіпкерлік мақсатында берілген жерлер екені анықталды.
ҚР Жер кодексінің талаптарына сай заңбұзушылықтарды қалпына келтіру мақсатында барлық жер иелері мен жер учаскелеріне құқық беретін құжаттары тексеріліп, жер учаскелерін нысаналы мақсатта пайдаланбағаны үшін тиісті Заң талаптарымен шара көру мақсатында нысандар суретке түсіріліп, акт толтырылды.
Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына ұсыныс хаттар жолданды.