Шымкенттік тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету және қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында «Шымкент – Таза қала» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап іс-шара барысында жалпы 1407 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 694 тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру), 685 тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ жолды ластаған 28 ауыр жүк көлігі анықталып, жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 630-бабы 1-бөлігімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында тиісті ережелерді бұзбауға кеңес береді.