Ұлттық банк экономика саласында зерттеу жүргізгісі келетіндерге грант ұсыну үшін байқау жариялады. Зертхана. Елеу МұратұлыГранттардың ақшалай жалпы көлемі – 150 миллион теңге. Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық жоғарғы оқу орындар мен ғылыми-зерттеу институттарының қаржы секторы саласындағы академиялық әлеуетін арттыру дейді Ұлттық банк өкілдері.

Биыл Қазақстан Ұлттық банкі алғаш рет ізденушілер арасында экономикалық зерттеулермен айналысуға ынталандыратын гранттарды әзірлеп отыр. Бұл іске ең алдымен еліміздегі жоғарғы оқу орындарды, ғалымдар мен студенттерді тарту көзделген. Негізгі басымдық – ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық, фискалды саясатты іске асыру сынды еліміздің қаржы саласын дамытуға арналған тақырыптық жобаларға беріледі.