Энергетика саласында 12 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру кезінде Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, 4 трлн. теңгеден аса қаржыға елде үш жоба іске асып жатыр. Оның бірі биыл Шымкентте іске қосылған зауыт. Нысанды салуға 25 млрд. теңге жұмсалды.

Жылына 57 мың тонна бензинге арналған қоспа шығарады. Бұрын бұл қоспаны Қазақстан шетелден импорттайтын. Жоба жанар-жағармайдың сапасын арттыру үшін қажет. Яғни, бензиндегі күкірттің үлесін азайтады. Зауытта 350 адам жұмыс істейді.

Шынар Оразова