Түркістан қаласында облыс прокурорының орынбасары Саян Келдібеков аймақтағы этносаралық мәселелерді талқыға салды. Аталған жиынның басты мақсаты – этностар арасындағы туындайтын текетірестің алдын алу.

Мәселені талқылауға облыстық департамент басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Сондай-ақ, құзырлы орган басшылары 2021 жылдың 9 шілдедегі этносралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бекітілген жоспардың орындалу барысын баяндады.

Олар әсіресе білім ошақтарындағы этностардың жай-күйін сөз етті. Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев те аталған мәселе бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті. Түрлі этнос өкілдері көптеп шоғырланған аудан әкімдері есеп берді.

Диана Біржанова