Электр бағаналарына ілінген заңсыз жарнамалар алынып тасталды

130

 

Қаратау ауданы аумағында ретсіз сауда орындарын болдырмау және алдын алу мақсатында әкімдік пен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Бұл бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде қала әкіміне аудан басшысы А.Әліқұлов баяндады.

Биыл 8 ай ішінде белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін 910 азаматқа хаттама толтырылып, 1 633 520 тг айыппұл салынған. Одан 721 957 тг өндірілген. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 3178 хаттама толтырылып, 1 896 050 тг айыппұл салынған. Одан 1 283 480 тг өндірілді.

Аудан аумағындағы басты көшелерде қала көркіне сай келмейтін заңсыз жарнамалармен күрес жүргізу барысында үлкен жол бойында және электр бағаналарындағы 675 заңсыз жарнама анықталған. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 625 жарнама иесі тарапынан алынып тасталды.

Сонымен қатар, заңсыз орналасқан 9 дүңгіршек сүрілген.