Алдағы екі жылда елімізде еңбек күші 59 пайызға төмендейді

67

Алдағы екі жылда  елімізде еңбек күші 59 пайызға дейін төмендейді.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы еңбек нарығына талдау жүргізді. Сарапшылар екі жылдан соң экономикалық белсенді адамдар біршама өседі. Дегенмен 2050 жылға қарай жұмысқа қабілетті жастағы тұрғындардың 57, пайызға дейін азаятынын жеткізді.

Осылайша еңбекке қабілетті адамдарға қосымша жүктеме артады. Өйткені бұл уақытта қарттардың саны 63 пайызға көбейеді.

Былтыр 60-63 жастағы адамдар 2 млн 100 мыңнан асса, 30 жылдан соң 3 млн 400 мыңға жетеді дейді сарапшылар. Демек қарттардың үлесі 13 пайыздан асады.

Шынар Оразова