Биыл Еңбекші ауданында 15 ашық спорт, тренажер, воркаут алаңшаларын орнату жоспарланған. Бүгінде Қарабастау тұрғын алабында демеуші есебінен 1 ашық спорт алаңшасы салынып, тұрғындар игілігіне тапсырылды.

Жоба құны 13,5 млн. теңгені құрайды. Мұнымен қоса, 14 спорт алаңшасын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.

Аудан әкімі 2011-2014 жыл аралығында салынған ашық алаңшалардың 21-інің тозығы жеткенін айтады. Сондықтан, бұл алаңшаларды қайта құру келесі жылдың жоспарында бар.

Айта кетейік, аталмыш ауданда 2021 жылға дейін 85 ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілген.

Жанерке Хумар