Белгілі бір мерзімге қызметке шақырылған әскерилердің декларацияны кейін тапсыруына мүмкіндік берілді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұйрық шығарылған күннен бастап әскери қызметкерлер үшін мүлік пен активтерге қатысты мәліметті тапсыру мерзімі ұзартылады.

Сонымен бірге, декларацияны қате жазып тапсырған азаматтардың оны қайта толтыруына болады. Есепке өзгеріс немесе тағы мәлімет жазу қажет болса, қосымша декларация тапсыра алады. 15 қыркүйекте табысына қатысты мәлімет өткізудің бірінші кезеңі аяқталған.

Шынар Оразова