Қымбатшылық жайлап барады. Сегіз айдың қорытындысы бойынша аяқ киім 6 пайызға қымбаттады. Ал балалар аяқ киімінің бағасы бірден 9 пайызға көтерілген.

Сапалы әрі ауыстырып киюге арналған аяқ киім сатып ала алатын қазақстандықтар саны әлі де аз емес. Бұлай дейтініміз, осы жылдың наурыз айында өткізілген халықтың өмір сүру сапасына жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қысқы және жазғы аяқ киімнің екі жұбын сатып ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі 15,3%-ті құрады, былтыр бұл көрсеткіш 15,5%-ке тең болған.

Тозған аяқ киім мен киімді ауыстыра алмайтын қазақстандықтарға келетін болсақ, мұндай азаматтардың үлесі 4,7%-тен 5%-ке дейін өскен.

Шынар Оразова