Баспананың бағасы құрылыс құнынан екі есе қымбат

54

Баспананың бағасы құрылыс құнынан екі есе қымбат. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен айда жаңа үйлердің орташа құны 343 мың теңгеден асқан. Жыл басынан бері тұрғын үй бағасы 10,9%-ке қымбаттады. Ал құрылыстың құны 2 пайызға ғана өсіп, 150 мың теңгеден асты.

Түркістан құрылыс

Сонда құрылыс компаниялары үйлердің бағасын құрылыс шығынынан 2,3 есе қымбатқа сатқан. Алайда бұған қызметкерлер жалақысы кірмеуі мүмкін. Құрылыс шығыны мен баспана бағасы әсіресе Маңғыстау облысында алшақ. Үй құрылысының бір шаршы метріне 67 800 теңге жұмсалғанымен, нарықта 250 800 теңгеден сатылған.

Шынар Оразова