Елімізде азық-түлік қымбатшылығына қарсы күрес тиімсіз жүргізіліп жатыр. Соның кесірен қарапайым халық зардап шегіп отыр.

Мәжіліс депутаттары премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, зейнетақы, жәрдемақы мен жалақының көлемін қымбатшылыққа сай индексациялауды сұрады. Өйткені инфляция өсіп барады дейді халық қалаулылары.

Ұлттық банк пен Үкімет оны бұрынғы қалпына келтіруге тырысқанымен түк шығар емес. Тауар бағасы керісінше өсіп жатыр. Айтуларынша тіпті, 100 пайыз өзімізде өндірілетін өнімдердің бағасына дейін биыл 50 пайызға шарықтаған.

Қолдан жасалған қымбатшылықтың кесіренен жұрт жыл басынан бері азық-түлік үшін 245 миллиард теңгені артық төлеген дейді. Енді осы шығынды өтеу үшін жалақыдан бастап, жәрдемақы мен зейнетақыны өсіруді сұрап отыр.

Шынар Оразова