Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері дабыл қағуда. «Дизельді отынның тапшылығынан сапарға шыға алмай жұмысымыз тоқтап қалды»,-дейді. «Жанар-жағармай» қауымдастығы қор ұстаушыларға өнімдер аз мөлшерде келуде.
Дизель отындары таусылған ауыр көліктің жүргізушілері темір тұлпарларын жолдың бойында қалдыруға мәжбүр. Өздері отын іздеумен әлек. Жанар-жағармай бекеттерінде дизельді отын болмағандықтан тапсырыс ала алмай дал.
Ал шымкенттік Александр Соско Ресейге сапарға шыға алмай, шаһарда тұралап қалды. Тиелген жеміс-жидек бұзылса, шығынға батамын деп ашынады.
Александр Соско, жүргізуші: «Бес тәулік болды дизельді отын таппай жүрмін.
Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров «дизельді отын қор ұстаушыларда бар, алайда жеткіліксіз мөлшерде. Сұраныс бар жерде бағаны нарықтың өзі реттейді»,- дейді.
Қайыпбек Қамбаров, Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы: «Қалада тапшылық жоқ, қор ұстаушыларда бар. Бар жоғы 10 тонна алады, ол 5 тоннаға аз. Келесі партиясын алғанша, бар өнімнің бағасын көтеруге мәжбүр».
Кенжебек Алтыбаев, жүргізуші: «Қымбат қой бағасы, олай көтеріле берсе, білмеймін қалай бала-шағамызды асырайтынымызды. Бағаны түсірсе болады ғой».
Бұл мәселені сәрсенбі күні жанармай бекеттерінің өкілдері баспасөз мәслихатында шешуді ұйғарыпты.
Шынар Оразова