фото информ.кз

Шымкентте  өткен тәулікте, яғни 1 қыркүйекте  КВИ-дің 180 жағдайы тіркелді.

89 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 91 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды, 1638 төсек орын бос.

Инфекциялық стационарда 1412 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 292 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 5131 адам вакцина алды.

Егу науқаны басталғалы барлығы 432 267 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 364 922 адам вакцинаның екі компонентін алды.Бүгінде қаладағы емханаларда вакцина жеткілікті, егу бекеттері демалыс күндері де жұмыс жасайды. Екпе алып, пандемияны бірге жеңейік.