15-ші қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды.
Ол қарашаның 15-не дейін жалғасады.
Келер жылы сапалы медициналық көмекке қол жеткізу үшін тұрғындар бүгіннен бастап өз таңдауымен тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелуге мүмкіндігі бар. Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 14 мемлекеттік емхана және 27 жекеменшік алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары қызмет көрсетеді.
Медициналық ұйымдарға тіркелудің әдісіне тоқталсақ. Электрондық үкіметтік веб-порталы арқылы егов. кз.сайтының Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Өрістерді толтыру арқылы медициналық ұйымға өтініш беру керек. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Екінші әдісі емханаға жеке куәлігімен тікелей жүгіну. Қазіргі таңда емханаларда барлық жағдай жасалған дейді шахардың бас дәрігері.
Емхана, медициналық ұйымдарға тіркелу 15-ші қыркүйектен қарашаның 15-не дейін жалғасады. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының сайтында, Емхананы таңдау бөлімінде танысуға болады
Шынар Оразова