Еңбекші ауданында 15 спорт алаңшасы ашылады

37

Еңбекші ауданында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 1 спорт алаңы құрылып, тұрғындар игіліне тапсырылды. Ал 14 спорт алаңшасын құру жұмысы қарқын алып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Тұрғындарын бұқаралық спортпен қамтуды қолға алған аудан әкімдігі тарапынан құрылыс жұмыстар бақылауға алынып, сапасы мен уақытылы пайдалануға берілуін қадағалап отыр.

Мөлдір Ибадуллаева