Елімізде геологиялық барлау жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі 30 пайызға артпақ. Экология, геология және табиғи ресурстарды қорғау министрлігінің хабарлауынша енді бұл бағытта жыл сайын 11 миллиард теңге бөлінбек. Бұған дейін 7,5 миллиард беріліп келген еді.
Енді қаржы көлемін арттыру ескірген техникалық базаны жаңарту, зертханалар ашу секілді саладағы түрлі мәселені шешуге мүмкіндік бермек. Бұл барлау жұмыстарын жаңа деңгейге көтеріп, қойнауы бай жерлерді көптеп табуға сеп. Осы арқылы 5 жылда бұл салаға 800 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту көзделген. Әрі жыл сайын мың жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
Шынар Оразова