Инфляцияға қарсы ден қою шаралары аясында 2021 жылы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» 87 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жоспарлап отыр.
Бұл ретте сатып алынатын дақылдардың тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, рапс, зығыр, соя, қарақұмық.
Аталған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұн тарту кәсіпорындарына, құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына өткізу үшін пайдаланылатын болады.
Шынар Оразова