Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков инженерлік инфрақұрылым жұмыстарымен таныстырды. Алдымен, құрылысы жүргізіліп жатқан автоматтандырылған газ тарату стансасының жұмыс барысын түсіндірген басқарма басшысы, сондай-ақ, үш магистралды су құбырларын аралап көрді.

Шымкенттегі Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков қаладағы инженерлік инфрақұрылым жұмыстарымен таныстырды. Оның айтуынша, Шымкент қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға орнылдалған.

Бүгінде нысанның құрал-жабдықтары 100% орнатылып қойған. Сонымен қатар, АГРС-3 аталатын нысанның газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүрізілуде. Нысанды 2021 жылдың қазан айының соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз дейді басқарма басшысы.

Боранбай Болатбеков, Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы: «Екі АГРС-тің күші 18000 құрайды, ал газдың қазір жетпей тұрғаны 70000. Екеуін қосқанда 250000. Ал біздің жаңадан салып отқан АГРС-міз жалғыз өзі 250000 береді. Сонда үстінде бізде запасымыз үлкен».

Газ тарату станциясы іске қосылған кезде тұрғын үйлерді қосқанда, барлық нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі дейді мамандар. Бүгінде қала тұрғындарының 92,2% табиғи газбен қамтылған.

Сондай-ақ, Боранбай Болатбеков үш магистралды су құбырының құрылыс жұмыстарымен де таныстырып өтті. Мұндағы жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған. Бүгінде құрылыстың 85 пайызы аяқталған. Нысанды қараша айында пайдалануға беру жоспарланып отыр дейді.

Боранбай Болатбеков,  Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы: «Қаладағы су қосылады, сонда біздің Ынтымақ, Батыс, Жаңаталап бар, сол жақтың суының қысымын көтереміз. Сондықтан бұл, қалаға өте қажет. Шымситиға кірдік. Алдымыздағы қазан айында тапсырамыз».

Сондай-ақ, жыл соңына дейін ұзындығы 13,6 және 11,76 шақырымды құрайтын ауыз су құбырларының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бекболат Мишкурбанов, «Сарыағаш-Аман» ЖШС мердігері: «Қазіргі уақытта Шымкент қаласының айналма жолының бірінші аймағынан су тарту нысанының құрылысындамыз. Бұл құбыр арнайы ауыз суға арналып жасалған. Іске қосу алдында жуу, хлорлау, дезинфекция секілді жұмыстар жүргізіледі. Осыдан кейін зертхана тексереді. Сертификатқа сәйкес бұл құбырдың қызмет ету мерзімі 80-100 жыл».

Шымкент қаласында 2019 жылы құрылысы басталған «1-М-1» қосалқы станциясының құрылысы аяқталып, бүгінде техникалық сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысымен таныстырған қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарма басшысының орынбасары Әсет Ашаев қосалқы станция сынақтан өтіп, іске қосылғанда қаланың 5 бірдей елдімекені сапалы қуат көзіне қосылатынын айтты.

Атап айтсақ, Асар-2, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ, Достық, Қайтпас-2 шағынаудандары. Қоректендіру желісі 110 кВ құрайтын қосалқы станция Бозарық станциясынан қуат алатын болады.

Гүлдана Дәурен