Көлік қозғалысы уақытша шектеледі

127

Шымкентте А-2 «Алматы-Ташкент» республикалық автожолында көпір құрылысына байланысты көлік қозғалысы жартылай шектелмек. Аталмыш автожолдың 710 шақырымында көпір құрылысының құрылыс-монтаждау жұмысы жүргізілуде.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен келісімдегі сызбаға сәйкес, аталған жол бөлігінің Ташкент бағыты бөлігіндегі көлік қозғалысын 28-30 қыркүйек аралығында жартылай шектеу жоспарланғанын ескертеді.

Жанерке Хумар