Мәулен Айманбетов басқарма басшыларымен жиын өткізді

108

Қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов өзі жетекшілік ететін басқарма басшыларымен кездесіп, қаладағы инженерлік желілерді күшейтуге тапсырма берді.

Жиында қаладағы тұрғын алаптар мен шағынаудандардағы әлеуметтік нысандарын талапқа сай етіп салу мәселесі кеңінен талқыланды. Әкім орынбасары мерзімінен кешеуілдеп жатқан нысандарды тез арада аяқтауды және жыл соңына дейін қолданысқа беру қажеттігін айтты.

Мәулен Айманбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Уақыт — ақша деп айтады ғой. Бұл жерде осы сөзге қатты мән беру керек. Қолайлы уақытты күтіп отырудың еш жөні жоқ, бұл жобалардың бәрінің әлеуметтік маңызы бар. Тұрғын үй кешені болсын, инфрақұрылым болсын. Қазір тұрғындарды сонда апарып жайғастырып жатыр. Ол жерде не су жоқ, не газ жоқ».

Мәулен Айманбетов тұрғындар тарапынан түсетін, жолға, жылуға және тұрғын үйге қатысты шағымдарға тоқталды. Айтулы мәселе бойынша әр саланың басқарма басшыларына, өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаруды талап етті.

Мәулен Айманбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Ертеңгі біздің экономикамызды көтерілуі, қазіргі таңда келіп жатқан қала әкімінің ісіне үлкен штаб инвесторлармен күнде апта сайын кездесіп, жиын өткізеді. Қазіргі таңда өкімет тарапынан үлкен қаражаттар инженерлік инфрақұрылымдарға қарастырылып жатыр».

Әлихан Файзханов