Еліміздегі орта білім беретін мекемелерде педагог-ассистент қызметі енгізілді. Себебі айтулы мамандық иелері қазіргі таңда инклюзивті білім беруде үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Олар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың мектепке тез үйренуіне көмектеседі. Алайда бұл, мұғалімдерді алмастыру емес. Себебі педагог-ассистентке педагогика мен психология бағыттарында ерекше міндеттер жүктелген. Олар баланы оқу процесіне бейімдеп қана қоймай, қиындық туған жағдайда техникалық қолдау да көрсете алады.
Бүгінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша ел көлемінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кіріскен.
Айта кетейік, жаңа мамандардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.
Гүлдана Дәурен