Мемлекет басшысы Ұлттық құраманы құттықтады

72

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасының спортшыларын жеңісімен құттықтады.

Өзінің әлеуметтік парақшасында «Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына сәттілік тілеймін!», – деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Иран спортшыларын 3:2 есебімен артта қалдырды. Енді жартылай финалда ұлттық құрама Португалиямен күш сынасады.

Гүлдана Дәурен