Мұхтар Әуезовтың туған күні атап өтілді

269
фото егемен.кз

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімін иеленген ОҚУ жазушының туған күнін атап өтті. Атаулы датаға орай оқу ордасында халықарық конференция ұйымдастырылды.

Басты мақсаты – ұлы жазушы мұрасын ХХІ ғасыр өркениеті негізінде зерттеп зерделеу. Сонымен қатар қаламгердің көркем әңгімелері мен публицистикалық мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Осыдан үш жыл алдын негізі қаланған «Мұхтартану» орталығының да негізгі мақсаты жазушының құнды мұраларын насихаттау болып табылады.

Мөлдір Ибадуллаева