Түркістан қаласында жыл басында жұмысын бастаған Оқушылар сарайында 1000-нан аса оқушының қосымша білім алуына мүмкіндік бар.

Мұнда барлығы 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді. Бұл туралы облыс әкімінің нысанмен танысу барысында айтылды.

Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев «Түркістан-арена» стадионында болды. 7 мың орынға арналған спорттық кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар.

Негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талапқа сай жасақталған.

Жанерке Хумар