Шымкентте ұн өндіруші компания тәулігіне 500 тонна астық шығарады. Әрі 300 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ «Pioneer Grain Products» ЖШС-гі, Диірмен «Пионер Элитная», «Пионер Стандарт» сауда белгілері ұнның төрт сұрыпын өндіреді.

Аталған компания өткен жылы қаржыландыруға жүгінген екен. Несие «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылдық 15% -дық мөлшерлемемен мақұлданған. Мұндай қолдау қала экономикасының дамуына оң әсер етеді дейді сала жауаптылары.

Айта кетейік, 20 жылдан астам уақыт астық өндеумен айналысатын кәсіпорынның дайын өнімдері Орталық Азия, Ресей, Қытай мемлекеттеріне жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұл мақсатқа бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болатынын айтқан болатын.

 Мөлдір Ибадуллаева