Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 560 935 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 452 766 адам салдырды. Ал Шымкентте 516 625 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 417 708 алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 885 243, II компонентін 711 736 адам салдырған. Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1 719 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 49-ы Шымкентте, 30-ы Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 781-ге жетіп отыр. Оның 80-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 49 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 28 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 62 662 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 849 пациент стационарға жатқызылған.

Ал, 51 513-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 868 адамның жағдайы ауыр, ал 218 пациенттің халі өте ауыр. 139 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Үшінші мегаполис сары белдеуде болса, Түркістан облысы жасыл аймақта тұр.

Мөлдір Ибадуллаева