ҚР Конституция күніне орай, «Отырар» телеарнасының эфирінде мерекелік телемарафон өтті.

Көрермендерге сыйлықтар мен түрлі жүлделерге толы концерттік бағдарлама ұсынылды. Ата заңымызға қатысты сұрақтарға дұрыс жауап берген жеңімпаздарға естелікке сыйлықтар табыс етілді. Эфирде шахарымыздың белгілі әртістері өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Эфирдің басталуына санаулы уақыт қалды. Жарық , камералар- мерекелі марафон -сіздердің экрандарыңыз бен әлеуметтік желіде. Көрермендер тікелей эфирде құттықтауларымен қоса тілектерін білдіруде. Ең бастысы қымбат жүлделерді ұтып алуға мүмкіндік.

Эфирдің қонақтары белгілі сазгерлер мен әншілер Астана Қорғанбай, Диана Хашимханова, Махмуд Урумбаев. Ата заңымыз жайлы сұрақтан бірқатар телекөрермендердің басы қатып, олар ғаламторға кіреміз деп бағалы уақыттарын жіберіп алып жатты.

Редакциядағы телефон қоңыраудан босамауда, шымкенттіктер бағалы сыйлықтарды ұтпақ.

Жүргізуші : Сонымен сіз Джокер барбер шоптан 20 мың ұттыңыз.

«Бай хилтон Түркістан» бір жұпқа арналған нөмерді ұсынды.» Айдана» қонақ үйі болса, люкс нөмірін. Публика мейрамханасы-есте қалатын кешкі ас. Джокер барбер шоп-сертификаттар. Ал» Блинчик» кафе желісі -отбасылық сертификаттарды ұсынды.