Қаратау ауданында ретсіз сауда тоқтатылды

58

Шымкент қаласында белгіленбеген жерде сауда жасау тыйылмай тұр. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында Қаратау ауданы аумағында рейдттік іс-шара ұйымдастырылуда.

Бұл туралы шаһар басшысына аудан әкімі А.Әліқұлов баяндады. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде заңсыз сауда орындарын болдырмау мақсатында 910 азаматқа хаттама толтырылған. Яғни 1 633 520 теңге көлемінде айыппұл салынып, жалпы 721 957 теңге өндірілген.

Ал Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес жабайы саудамен айналысып келген 3178 азаматқа хаттама толтырылған. Нәтижесінде 1 896 050 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 1 283 480 теңгесі өндірілген.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы заңсыз жарнамалармен күрес жүргізу барысында жол бойында және электр бағаналарында орналастырылған 675 заңсыз жарнама анықталып, оның 625-іалынып тасталған. Сондай-ақ, арнайы құрылған жұмыс тобы заңсыз орналасқан 9 дүңгіршектің көзін жойды.

Айнұр Бекасанова