Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн саудалауды жалғастыратын болды. Бұл елдегі саяси оқиғалар салдарынан екі ел арасындағы сауда-саттық тоқтаған еді.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлер мен тасымалдаушылардың мәліметіне сай, арадағы байланыс қайта жанданған. Әзірге, үкіметтік деңгейдегі келісім бекіді деуге ерте. Дей тұрғанымен, бұдан бұрын бизнес өкілдері арасында бекіген келісім негізінде екі ел арасындағы алыс-беріс жүйелі дамып келеді.
Бүгінде Ауғанстанға 199 мың тонна ұн мен 33 мың тонна астық жөнелтілді.
Шынар Оразова