Қоқыстардан тазарту ісінде шалалық көп

104

Ақсукент ауылдық округінде ретсіз күл қоқыстарды болдырмау, жинау жұмыстарына «Жигита» ЖШС-і жауапты. Аталған компания конкурста жеңімпаз болған және тазалық жұмыстарына бюджеттен 8,7 млн. теңге қаралған.

Бүгінгі таңда компания өздеріне бекітілген міндеттерді толық орындамай отыр. Сондай-ақ Ақсукент ауылдық округі аумағынан күл-қоқыстардың алынбағанына 3 айдың жүзі болған. Ауыл тұрғындары тарапынан шағым көптеп түсуде.

Ауылдағы Сұраншы батыр көшесіндегі Ескі қазандық маңайын қоқыстардан «ҚараСу-ВРМ» ЖШС-гі мекемесі тазартады. Мұнда жұмыс жүйелі. Аумақ аптасына 3 рет тазартылады.