Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне италиялық режиссерлер келді

61

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне италиялық танымал режиссер Карло Шаккалуга және белгілі актриса, продюсер Аличе Ферранти мен қоюшы-суретші Анна Варальдо келді.

Түркістан қаласында ашылған жаңа театрдағы әртістермен тәжірибе алмасып, әріптестік байланысты арттыру мақсатында бір айлық іссапармен жүрген шетелдік қонақтар ең алғашқы жұмыс күнін қасиетті орынға бас сұғып, тарихымен танысуға арнағанын айтады.

Қорық-музейдің экскурсоводы Салтанат Ералиева қонақтарға ағылшын тілінде экскурсия жүргізіп, Түркі жұртының төл Отаны – Түркістан жеріндегі тарихи тұлғалар мен мұралар жайлы мәлімет берді.

 

QAINAR KÓZ "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі