Павлодардағы мұнай өңдейтін зауыттың жұмысы тоқтап тұр. Дизель отынын экспорттау биыл наурыздан бастап тоқтатылған.
Жағармай тапшылығын болдырмау мақсатында сала министрлігімен шара көрілуде.
ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов:»Қазір Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттау қажеттігі туындап отыр. Өткен аптада әріптестерімізбен Мәскеуде кездестік. Олар елімізге сұйық отын жеткізу үшін қолдау көрсететін болды»,- деп мәлімдеді.
Шынар Оразова