Салық төлеушілер заң режимін сақтап жүр ме?

85

Арнайы салық режимі бар, дегенмен төлеушілер әлі күнге дейін бұрынғы жүйемен төлем жасап жүр. Осылай деген салық қызметкерлері тұрғындар тек арнайы хабарламаны алғаннан кейін ғана жалпыға бірдей бекітілген режимде төлейтінін айтады. Салық төлеушілердің бұл әрекеті жұмыстың ұзаққа созылуына әкеледі дейді сала мамандары.

Бақыт Болатбеков, Ақпараттық қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің басшысы: «Бүгінгі таңда көптеген салық төлеушілер оңайлатылған декларация негізінде жұмыс жасап жатыр. Қосымша құн салығына есепке тұрады. Содан кейін жалпыға бірдей тәртіпке автоматты түрде ауыстық деп ойлайды. Салық есептік құжаттардың бәрін жалпыға бірдей белгіленген есепке тапсыра береді. Ал негізі қосымша құн салығы есебіне тұрғанымен, салық режимдерін ауыстырмаса, оңайлатылған декларация режимінде қалы кетеді. Сондықтан тапсырған есептері дұрыс емес болады. Сосын біз оларға хабарлама жөнелтеміз».

«Сонымен қатар, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне салық төлеуші автоматты түрде өтпейді,- дейді маман. Ол үшін арнайы салықтық өтініш толтыруы немесе белгілі мөлшерде қосымша құн салығының төлеушісі болуы керек.

Бақыт Болатбеков, Ақпараттық қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің басшысы: «Қосымша құн салығы есептілігіне салық төлеуші ретіне өзінің қалауы бойынша тұруға болады. Және екіншісі 30 мың айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда міндетті түрде қосымша құн салығының төлеушісі ретінде тіркеуге тұрады».

 Гүлдана Дәурен