Сейілхан Серікбайұлы — үшемнің әкесі

45

Деректерді сөйлетсек, биыл Шымкент қаласында 20 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Оның 138 -і егіздер, алтауы үшемдер. Бұл да болса Шымкент қаласының демографиялық жағдайды жақсартып жатқанының белгісі болса керек. Үш еселенген бақыт қандай болмақ?

Сейілхан Серікбайұлы, үшемнің әкесі: «Бірінші қызым 2009 жылы дүниеге келді. Екіншіміз 2011 жылғы. Үшіншісі 2013. 2018 жылы төртінші қызымыз дүниеге келді. Назым деген қызымыздан кейін Құдайдан ұл тілеп жүргенбіз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мейірімімді төгіп, жанашырлықпен қарайсың. Сол балалар әрдайым рахметін айтып жүреді. Сол пейілімізге берді ме, үшем келді дүниеге. Әйелім келесісіне аяғы ауырлағанда менен сүйінші сұрады. «Ұл ма?» дегенімде «Бәрі бар ішімде» деді.