Шымкент: №2 аурухана қалыпты жұмыс режиміне көшті

179

Шымкенттегі №2 қалалақ аурухана қалыпты жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан медициналық орталықты аралау барысында айтты.

Аурухана карантин күшіне енген кезде қатаң тәртіпте жұмыс істеген еді. Яғни, 10 шілде мен 17 қыркүйек аралығында ковид жұқтырғандарды емдеу орталығына айналған. Ал қазір эпидахуал тұрақталып келеді. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте дейді жауаптылар

Қазір аурухана жоспарлы түрде науқастарды қабылдауда. Мұнда жеткізілген пациенттер ковидке анализ тапсырып, нәтижесі дайын болғанша арнайы аймақта күтеді.

Мөлдір Ибадуллаева