Баспаналы болғысы келген шымкенттік тұрғын алаяқтардың қақпанына түсті. Абай ауданы полиция басқармасына хабарласқан азамат, пәтер аламын деп жинаған 900 мың теңгесін танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алуға көмектесемін деп алғанын айтып арызданған.

Арызданушы ол ақшаны алдап кеткен танысына кепілдік ретінде берген. Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ақшаны алдап алған қала тұрғынын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде.

Диана Біржанова