Шымкенттің кіре беріс жері «Көне қала» деп аталады. Аумағы 1,5 гектар. Бұл жердің жайқалып тұрғаны бәрі қарапайым еңбек адамдарының арқасы. Таңғы сағат 8:00-ден бастап кешкі 18:00-ге дейін жұмыс атқарады. 800-дей жұмысшы бар.
Шымкенттегі 4 аудан бойынша 8 саябақ, 42 гүлзар аумағын абаттандырумен арнайы серіктестік айналысады.
Жалпы қала көшелеріндегі жасыл желектерді күтіп баптауға 1000-ға тарта жұмысшы тартылған. Қалада бүгінгі таңда 52 жерасты су ұңғымасы жұмыс істеп тұр. Өзен арналармен су тарту арқылы суландырады. Арнайы мамандардың нұсқауымен арнайы дәрілер шашылып тұрады.